Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаевтың...

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі тұрмысқа шықты

Венера 22 жасар Дален Чайжунусовқа тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт әйгілі Чайжунусовтар әулетінің мүшесі. Дален Чайжунусов Алматыда туып-өскен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Венера — студент, қоғаммен байланыс және өнер саласында білім алуда, анасы Дариға Назарбаеваның қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысады.

Жас жұбайлардың достарының сөзінше, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан, ал сөзбайласу ағымдағы жылдың мамыр айында өткен. Олардың үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің бал залында өтті. Салтанатты рәсімге отбасының ең жақын туыстары мен достары қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының бірінші ханымы жастарға баталарын беріп, ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.

Айта кету керек, той қазақтың салт-дәстүріне сай өтті. Тойдың ас мәзірінде ұлттық тағамдармен қатар, еуропалық тағамдар да болды. Кеште отандық әншілер өнер көрсетті. Жастарды құттықтауға Дариға Назарбаеваның ескі досы және шығармашылық серіктесі, Филип Киркоров келді.

Айта кетейік, бүгінде Дариға Назарбаева 7 жасар ұлы Асылжан мен 7 жасар немересі Сұлтанды тәрбиелеп отыр.

Дереккөзzakon.kz