Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда дәрігерлер қызметі қымбаттады

Қазақстанда дәрігерлер қызметі қымбаттады

Дәрігерлер қызметінің қымбаттағанына қарамастан, олардың жалақылары биыл тек 2% өскен.

Бет-жақ хирургиясы бөлімінің дәрігері Марат Ахшалов ©Айгүл Хожантаева

Биыл І тоқсан ішінде денсаулық сақтау саласы 241,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% аз.

Республика бойынша, көптеген қалаларда қызмет көрсетудің төмендегеніне қарамастан, Алматы мен Астана қалаларында керісінше өсім байқалады. Алматыда бір жылда 1,8% өсіп, 42,8 млрд теңге болды. Астанада 2,4% өсіп, 36,7 млрд теңге болды.

Арнайы дәрігерлерге сұраныс 10,7%, ал тіс дәрігерлеріне 16,8% артқан.

Аурухана қызметі бір жылда 0,2% қысқарған. Ал реабилитация орталықтарының қызмет көрсетуі бір жылда 14%, перзентханалардағы гинекологиялық қызметтер 7,2%, психиатриялық клиникаларда 6,3% өскен.

Мамыр айының нәтижесі бойынша, дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен 2,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% қымбат. Сондай-ақ, тіс дәрігерлерінің қызметі 7,6% қымбаттап, 3,3 мың теңгені құрады.

Мойын тұсына жасалатын массаж бір жылда 8,1 қымбаттап, бір процедураның орташа бағасы 916 теңге болды. Ал шипажайлар қызметі 6% қымбаттап, тәулігіне 9,8 мың теңге болды.

Қан құрамының жалпы анализінің орташа бағасы 5,7 қымбаттап, орташа бағасы 878 теңге болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version