Есімдік
Ағылшын тілінде есімдіктер сегіз топқа бөлінеді. Бүгінгі материалда бұлардың ішінен ең маңыздыларын атап өтеміз. Есімдіктердің кей формаларының қайталанатынын ескере отырып, 40 сөзді жаттап алған жөн.
Жіктеу есімдігі
Ағылшын тілінде жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септігі және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігіндегі сөздер кімге? неге?; табыс септігіндегі кімді? нені? деген сұрақтарға жауап береді.
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сәбиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» деген мағынаны білдіреді.
Тәуелдеу есімдігі
Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап береді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose?
Сілтеу есімдігі
Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.
Өздік есімдігі
Өздік есімдіктері ағылшын тілінде жіктеу есімдігіне жекеше түрде — self, ал көпше түрдегі есімдіктерге – selves жалғауының көмегімен жасалады. Өздік есімдігі әр адамның белгілі бір істі өзі істегендігін көрсетіп тұрады.
Белгісіздік есімдігі
Бұл есімдіктерге body сөзін қосып айтса болады (егер жанды заттар туралы айтса) немесе thing сөзін (жансыз заттар жайлы сөз еткенде). Онда олар өзінен кейін зат есімдердің келуін талап етеді. Мысалы, everybody — «әр адам, әркім»; nothing — «ештеңе».
Сұрау есімдіктері
Бұл есімдіктер сұрақ қою үшін қолданылады.
Зат есім
Ағылшын тілінде зат есімдегі сөздер өте көп. Бірақ олардың барлығы ауызекі тілде қолданылады деуге келмес. Сол себепті ең маңызды 50 сөздің тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Адам
- people — адамдар;
- family — отбасы;
- woman — әйел адам;
- man — ер адам;
- girl — қыз;
- boy — ұл;
- child — бала;
- friend — дос;
- husband — күйеуі;
- wife — әйелі;
- name — есім, ат;
- head — бас;
- face — бет (жүз);
- hand — қол.
Уақыт
- life — өмір;
- hour — сағат;
- week — апта;
- day — күн;
- night — түр;
- month — ай;
- year — жыл;
- time — уақыт.
Табиғат
- world — әлем;
- sun — күн;
- animal — жануар;
- tree — ағаш;
- water — су;
- food — тамақ;
- fire — от.
Орын, мекенжай
- country — мемлекет;
- city — қала;
- street — көше;
- work — жұмыс;
- school — мектеп;
- shop — дүкен;
- house — үй;
- room — бөлме.
Заттар, бұйымдар
- car — машина;
- paper — қағаз;
- pen — қалам;
- door — есік;
- chair — орындық;
- table — үстел;
- money — ақша.
Материалды емес зат есімдер
- way — жол;
- end — соңы;
- price — баға;
- question — сұрақ;
- answer — жауап;
- number — номер.
Етістік
Ағылшын тіліндегі етістік шақтары жайлы небір қорқынышты әңгіме естіген боларсыз. Бұл тілде еркін сөйлеу үшін 12 шақтың барлығын түгелдей меңгеру керек.
Басты мән беру керек бағытыңыз — осы шақтағы сөздерді көбірек жаттау. Ал бұл өте оңай: осы шақтағы етістіктер (be мен have-тан өзгесі) өзгермейді. Тек жекеше түрдегі ІІІ жақтағы етістіктерге -s жалғауы жалғанады.
Келесі 50 етістікті жаттап алыңыз:
- be — болу;
- have — бар болу (иелік ету);
- do — істеу, жасау;
- get — алу;
- can — істей алу;
- feel — сезу;
- live — өмір сүру;
- love — жақсы көру;
- want — қалау;
- say — айту;
- tell — айту;
- see — көру;
- hear — есту;
- listen to — тыңдау;
- believe — сену;
- take — алу;
- give — беру;
- go — бару;
- run — жүгіру;
- walk — қыдыру;
- come — келу;
- leave — қалдыру, тастап кету;
- sit — отыру;
- stand — тұру;
- make — жасау;
- know — білу;
- understand — түсіну;
- remember — есте сақтау;
- think — ойлау;
- bring — әкелу;
- find — табу;
- lose — жоғалту;
- use — қолдану, пайдалану;
- work — жұмыс істеу;
- study — оқу, үйрену;
- learn —оқу, меңгеру;
- ask — сұрау;
- answer — жауап беру;
- let — рұқсат беру;
- help — көмектесу;
- begin — бастау;
- play — ойнау;
- write — жазу;
- read — оқу;
- turn — бұрылу, айналу;
- meet — кездесу;
- change — өзгерту;
- stop — тоқтау;
- open — ашу;
- close — жабу.
Көмекші сөздер
Назарларыңызға маңызды 20 сөзді бірнеше топқа бөліп ұсындық. Негізгі мағыналарын көрсетіп отырмыз, бірақ сөйлемге байланысты олар өзгеруі мүмкін.
Үстеу
Үстеу қосымша ақпарат беріп, сөйлемді толықтырады. Тіл үйренерде алдымен негізгі 20 үстеуді жаттап алған жөн:
- always — әрқашан;
- never — ешқашан;
- also — тағы, сондай-ақ;
- just — жай, тек қана (мысалы: «Менің айтқым келгені тек…» = I just want to say…);
- only — тек қана, жалғыз;
- again — қайтадан;
- often — жиі;
- still — әлі күнге дейін;
- already — әлдеқашан;
- almost — дерлік;
- enough — жеткілікті;
- very — өте;
- sometimes — кейде;
- now — қазір;
- then — содан кейін;
- usually — әдетте;
- quickly — тез, жылдам;
- slowly — баяу, ақырын;
- well — жақсы;
- especially — әсіресе, ерекше.
Сын есім
Заттардың сын-сипатын жеткізуге көмектесетін 20 ең маңызды сын есімдерді ұсынамыз:
- good — жақсы;
- bad — жаман;
- new — жаңа;
- young — жас;
- old — ескі, кәрі;
- big — үлкен;
- small — кішкентай;
- long — ұзын;
- low — қысқа;
- high — биік;
- strong — мықты;
- free — тегін, еркін;
- open — ашық;
- easy — оңай;
- right — дұрыс;
- wrong — қате;
- hot — ыстық;
- cold — суық;
- happy — бақытты;
- ready — дайын, әзір.
Егер осы негізгі 200 сөзді жаттап алсаңыз, әңгімелесушіңіздің сөзін түсініп, ойыңызды жеткізе аласыз.