Ағымдағы жылдың 11 маусымында бастау алған онлайн байқауға қатысқысы келгендер көп болды.
Алайда байқау шарттарына сай келмеген роликтер қатыстырылмады.
Ұйымдастырушылар жазбаның мазмұны мен моральды, этикалық талаптарға сай болуына көңіл бөліп, орындаушының техникалық шеберлігіне баға береді. Сондай-ақ, видеоға берілген пікірлер, лайықты лайктар да есепке алынды.
Бүгінде іріктелген роликтердің ішінен жүлделі үш орынға лайықтылары анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші орынды иемденген бейнеролик авторына 300 мың теңге сыйақы, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге беріледі.