Бүгін Алматы қаласының әкімдігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті (бұдан кейін БҒМ ҒК) Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесе «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті бағыттарының бірі ретінде «Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тақырыбындағы» дөңгелек үстел өтті.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Ақан Бижанов дөңгелек үстелдің модераторы ретінде өз кіріспе сөзімен отырыстың жұмысын ашты. Алғы сөздерімен Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтың келе алмауына байланысты, алғы сөзін Алматы дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Айдар Есенбеков және Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов сөз сөйлейді.
Содан соң, пленаралық отырыста Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы — Еркін Оңғарбаев , Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессоры Бақытжан Сатершинов, Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай, Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Наталья Сейтахметова, философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, Орыс православ шіркеуінің Епархиалды басқармасының епископы Михаил Гоголев, Философия, саясаттану және дінтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Косиченко, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Сағади Бөлекбаевтар баяндама оқыды.
Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашысы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев болды.
Баяндама соңында келген қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.