Басты бет Жаңалықтар «Орал» орталық мешітінде имамдар бас қосты

«Орал» орталық мешітінде имамдар бас қосты

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының 2018 жылғы алғашқы бас қосуы «Орал» орталық мешітінде өтті.

Фото: muftyat.kz

Жиналысқа облысқа қарасты қала, аудан имамдары толығымен қатысты. Бас имам Еркебұлан Қарақұловтың басқаруымен өткен бұл жиында аталмыш имамдардың 2017 жылы атқарылған іс-қызметтер есебі, жат ағыммен жұмыстар есебі, «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерге шәкірттер дайындау барысы, ҚМДБ-нан бекітілген бесін, ақшам намазынан кейін айтылатын уағыздар барысы, келе жатқан «Қасиетті рамазан»  айының  дайындық жұмыстары талқыланды.

Мінберге кезегімен көтерілген қала, аудан мешітінің бас имамдары өткен жылы атқарған іс – қызметтерінің есебі тыңдалып, 2018 жыл шыққаннан бергі іс-қызметтеріндегі жаңа бастамаларымен таныстырып, өкіл имамның қойған сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар өз әріптестеріне үлгі боларлық тәжірибелерімен бөлісті. Қызмет барысында кездесетін кейбір мәселелерді ортаға салды. Алдағы мерзімде атқаратын іс-шаралар жоспарын талқылап, пәтуаға келді.

Жиын соңында бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы іс-қызметін табысты атқарған қала, аудан имамдарына алғыс айтып, дұға  жасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version