Жиналысқа облысқа қарасты қала, аудан имамдары толығымен қатысты. Бас имам Еркебұлан Қарақұловтың басқаруымен өткен бұл жиында аталмыш имамдардың 2017 жылы атқарылған іс-қызметтер есебі, жат ағыммен жұмыстар есебі, «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерге шәкірттер дайындау барысы, ҚМДБ-нан бекітілген бесін, ақшам намазынан кейін айтылатын уағыздар барысы, келе жатқан «Қасиетті рамазан» айының дайындық жұмыстары талқыланды.
Мінберге кезегімен көтерілген қала, аудан мешітінің бас имамдары өткен жылы атқарған іс – қызметтерінің есебі тыңдалып, 2018 жыл шыққаннан бергі іс-қызметтеріндегі жаңа бастамаларымен таныстырып, өкіл имамның қойған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар өз әріптестеріне үлгі боларлық тәжірибелерімен бөлісті. Қызмет барысында кездесетін кейбір мәселелерді ортаға салды. Алдағы мерзімде атқаратын іс-шаралар жоспарын талқылап, пәтуаға келді.
Жиын соңында бас имам Еркебұлан Ыбырайымұлы іс-қызметін табысты атқарған қала, аудан имамдарына алғыс айтып, дұға жасады.