«Дінтану» мамандығы бойынша Нұр-Мүбарак университеті жоғары нәтиже көрсетті

Нақтырақ айтсақ, «6В020600 – Дінтану» бакалавриат, «6М020600-Дінтану» магистратура, «6Д020600-Дінтану» докторантура мамандықтары жан-жақты сараптамалар жасалды. Сараптама өткізген Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.кандидаты Кеңшілік Тышқан бастаған комиссия құрамында халықаралық сарапшылар: Катар елінен Джорджтаун университетінің салыстырмалы дінтану кафедрасының профессоры Патрик Лауде, Египет Араб Республикасының сапа және аккредитациямен қамту Ұлттық комиссиясының вице-президенті Ражиа Али Махмуд Таха ханым бар. Сондай-ақ отандық сарапшылар: «Абу Ханифа» медресе-колледжінің директоры  Құлмұхаммед Махамбет, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, аудит департаментінің директоры, п.ғ.к., доцент Жанна Ахмадиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты Ұлжан Тұңғатова, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, сапа және анализ департаментінің сарапшысы Айгерім Каримовалар бар.

Екі күнге созылған тексеру барысында университеттің техникалық базалық мүмкіндіктерінен бастап, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, түлектер, магистрант-докторанттар, құжаттар, барлығы сараптамадан өтті. Нәтижесі жіті тексерулерден өтіп, маусым айында аккредитацияның оң нәтижесі жарияланды.

Осы кезге дейін еліміздегі  дінтанушыларды даярлайтын 6 жоғары оқу орындары арасында алдыңғы орынға ие Нұр-Мүбарак университеті үш сатылы мамандар даярлауды қарқынды түрде жүзеге асыра бермек. Ұлттық рейтинг бойынша дінтанушы магистрларды даярлаудан елімізде Нұр-Мүбарак университеті №1.