Басты бетЖаңалықтарСемейде бюджеттің...

Семейде бюджеттің 35,8 млн теңгесін жымқырған мекеме басшысы сотталды

Айыпталушы Семей аудандық пайдалану бөлімінің бастығы бола тұра, бұрынғы танысымен ымыраласап, аса iрi мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған. Яғни, ол танысының туысына тіркелген «BС» ЖШС энергия үнемдейтін жарық жүйесін жеткізу үшін жалпы сомасы 51,7 млн теңгеге заңсыз келісімшарт жасап, қол қойған. Кейін ақшалай қаражатты фирманың есепшотына аударған. Тауардың үстінен түскен 35,8 млн теңгені екеуі өзара бөлісіп алған.

Семей гарнизоны әкери сотының үкімімен бұрынғы басшы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мал-мүлікі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жауапты және басшылық лауазымымен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырылды.

«Басшы ҚР ҚК-нің 177-бабы 4-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылды. Және ҚР ҚК-нің 58-бабының 6-бөліміне сәйкес жазаны неғұрлым қатаң жаза түріне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Азамат жазаны қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді. Үкім заңды күшіне енді», — деді Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева.

Дереккөзkazinform.kz