Жолдау-2018 ерекшелігі неде?

Жолдауда білім сапасы басты назарға алынған. Әсі­ре­се, мұғалімдердің жа­ла­қысы бі­ліктілігінің расталу­ына байла­нысты 30%-дан 50%-ға дейін өсетіні туралы хабарды ха­лық ерекше ықыласпен қа­был­дады. Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Жолдаудың ерекшелігі – мұн­да білім саласының барлық са­тылары бойынша нақты мін­дет­­тер айқындалған. Мәселен, Пре­зидент орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне­сабақтары мен бейне8лек­цияларын Интернетке орналас­ты­­ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк­пір-түк­пі­ріндегі ұстаздарға қолже­тім­ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ­дай жасайды деп ойлаймыз. Президент Жолдауда ЖОО бойынша да нақты міндеттер қойған. Оның ішінде Президенттің аграрлық университеттердің рө­лін қайта қарау туралы ойына ерек­ше тоқталуға болады. Се­бебі Елбасы мұндай оқу орын­да­­рының диплом беріп қана қой­­­май, ауыл шаруашылығы ке­ше­­нінде нақты жұмыс істейтін не­­месе ғылыммен айналысатын м­а­мандарды даярлау керек екенін айтты. Агроөнеркәсіп са­ласының Қазақстан экономи­ка­сында алатын рөлінің ерекше еке­­нін ескерсек, бұл жоғары оқу орын­дарындағы оқу бағ­дар­ла­ма­лары жаңартылып, агро­өнер­кәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсіз.

Жастар туралы не айтылған?

«Халық­тың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлихановтың қанатты сөзі бар. Бұл сөзбен келіспеуге болмайды. Қазіргі қарыштап дамып жатқан әлем өркениетінің негізі сапалы оқу-біліммен тығыз байланысты екендігі баршамызға аян. Сон­дық­тан Қазақстанның бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін біз сауаттылығы жоғары алдыңғы қатарлы елдер­дің біріне айналуымыз керек. Ол үшін ең бірінші ел ішінде оқу-білім сала­сына көп көңіл бөлуіміз қажет. Бұл мәселе Елбасы Жолда­уында назардан тыс қалмаған.

Шымкент, жастар саясаты
Фото: Ғаламтордан алынды

Жолдаудың жетінші бағы­тында баяндалған мәселелерге тоқталатын болсақ, жалпы барлық жастағы азаматтардың білім беру жолында өзіміздің озық жүйемізді құру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қазіргі уақытта қайта қарау, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау мақсатында білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын арттыру, ел азаматтарының болашағы ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру, латын қарпіне көшу, цифрлы білім беруді дамыту, «Баршаға тегін кәсіптік-техни­калық білім беру» жобасын жүзеге асыру, орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне сабақтарын интернетке орналастыру, жас ғалымда­рымызға ғылыми гранттар бойынша квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізу, оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салу мәселелері және тағы басқалары қамтылған.

Әлеуметтік мәселелер және денсаулық саласы

Жолдауда  халықтың әл-ау­қа­ты, әлеуметтік жағдайы мен ден­­саулығы басты назарда. Осы рет­­­те 2016-2017 жылдары зей­нет­­ақы мен жәрдемақы үш рет кө­­бейгенін айта кетуге болады. Ба­залық зейнетақы 29%-ға, ынтымақты зейнетақы 32 %-ға, бала тууға байланыс­ты жәрдемақы 37 %-ға, ал мү­­гедектер мен асыраушысынан айы­рылғандарға төленетін жәр­­де­­мақының әрқайсысы 43 %-­ға өсті. Сондай-ақ ден­сау­лық сақ­тау саласындағы қыз­мет­керлердің, білім беру саласы қыз­меткерлерінің, әлеуметтік қор­ғау саласы қызметкерлерінің жа­лақысы, стипендиялар да кө­те­ріл­ді. Республикалық бюджеттің әлеу­­меттік салаға бөлінген шы­ғы­ны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.  Жолдауда бұл салалар бойынша нақты міндеттер де қойылған. Мысалы, Президент денсаулық сала­сында онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онко­­логиялық орталық құру қажет еке­нін айтты.

Сондай-ақ, «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» ко­декстің жаңа редакциясын әзір­леуді тапсырды. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан не­гіз­гі созылмалы ауруларға алыс­т­ан диагностика жасап, осы са­­ланы амбулаторлық емдеу ар­қылы басқаруға көшу қажет еке­нін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Жол­дауда Президент тегін ме­ди­циналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды.

Бекжан Қуанышбекұлы
Бекжан Қуанышбекұлы, тіс дәрігері, Фото ©Айгүл Хожантаева, baribar.kz

Жолдауда Н.Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру тап­сыр­масына Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапсыздық танытып, атүсті қарағанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа маман­дық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. Со­нымен қатар Президент бі­рың­ғай электрондық еңбек бир­жасын кең ауқымда енгізу қажеттілігін атап өтіп, Элект­рондық еңбек биржасы ту­ралы заңды 2018 жылғы 1 сәу­ірге дейін қабылдау керектігін айт­ты. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 2018 жылдан бастап ха­лықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеу­меттік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көшті. Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайыздан 50 пайызға дей­ін көтерілді. Сонымен қатар ең­бек­ке қабілетті әлеуметтік тұр­ғы­дан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай кө­мек олар жұмыспен қамту шарала­рына қатысқан жағдайда ға­на қол­жетімді болады. Еңбек­ке қа­бі­летсіз азаматтарға мем­ле­кет­тік қолдау көрсету шаралары кү­шей­тіледі.

Экономика, бизнес саласы

Биылғы Жолдауда экономикалық өсім­ге қол жеткізуге бағытталған мін­деттер қатарында бұл сала­лар­ға да басымдық берілген.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда болашақта жаһандық экономика мен еліміздің экономикасын дамытуда ерекше маңызға ие болатын жаңартылатын энергия көздері туралы да айтқан. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энер­гия көздерінің 55 нысаны 2017 жылы 1,1 миллиард ки­ло­ватт-сағат «жасыл» энергия өн­ді­рген. Жолдауда Президент 2030 жылға қарай Қазақстандағы ба­ламалы энергия үлесін 30 про­цент­ке жеткізу міндеті қойыл­ға­нын айтқан.  Жолдауда айтылғандай, 2017 жылы Қазақстан арқылы өт­кен жүк транзиті 17 пайызға өсіп, 17 миллион тоннаға жуық­та­ған. Енді транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жы­лы 5 миллиард долларға жет­кізу мін­деттеліп отыр. Бұл инфра­құ­ры­лымға жұмсалған мемлекет қа­ражатын тез арада қайтаруға мүм­кіндік береді.

«Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажет­тігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабыл­да­дық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақса­тын қойдық. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Өткен жылы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Респуб­ли­­касының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды» деп жарқын болашаққа нық қадаммен алға басқан еліміздің жан-жақты дамуы жолында атқарылып жатқан игі істерді Елбасымыз Жолдауында баяндап өтеді.