Басты бет Жаңалықтар Ресей полигон ретінде пайдаланып келген 1,7 млн га жерді Қазақстанға қайтаратын болды

Ресей полигон ретінде пайдаланып келген 1,7 млн га жерді Қазақстанға қайтаратын болды

Ресей бұған дейін қорғаныс министрлігінің сынақ полигондары ретінде пайдаланылып келген 1,7 млн га жерді Қазақстанға қайтарады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің кездесуінде белгілі болды.

РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу аренда аумағынан қолданылмайтын аумақтардың шығарылып, Қазақстан тарапына өтетінін айтқан.

«Біз Қазақстанның өтініштерін ескердік. Басты нәтиже ретінде республика аумағында Ресей қорғаныс министрлігі сынақ полигондары үшін жерді жалға алу және пайдалану туралы келісім хаттамаларының күшіне енуін айтуға болады. Біз Қазақстан жаққа қадам жасап, 1,7 млн гектар жер учаскесін арендадан шығардық», — деп атап өтті Сергей Шойгу кездесу барысында.

Бұдан бөлек Ресей Ембі сынақ алаңын да қайтаруға қарсы емес көрінеді.

«Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ембі полигоны бойынша хаттама дайындауға келістік. Осылайша Қазақстанның халық шаруашылығына тағы 300 мың гектардан астам жер қайтарылатын болады», — дейді РФ қорғаныс министрі.

Ресми БАҚ Сергей Шойгу мен Иманғали Тасмағамбетов кездесуінде бұдан басқа өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы біріккен жобалар жайы сөз болғанын жазуда.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version