2018 жылы Алматы облысында 8 төтенше жағдай тіркелді

Өткен жылғы жедел мәліметтер бойынша облыс аумағындағы су қоймаларында 142 судағы төтенше жағдайлар тіркелген, онда зардап шеккен азаматтар 218 адам, оның ішінде 43 бала, суға батып кеткендер 62 адам, оның ішінде 17 бала, 156 адам құтқарылды.

«Бұл тіркелген жағдайлардың көбісі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Көп жағдай адамдар қараңғы уақытта, ішімдік ішіп алып, суға түсуге тыйым салынған жерлерде және судағы межеленген жерден асып кетіп шомылады. Сондықтан да осындай қайғылы жағдайлар тіркеліп жатады», — дейді С.Чарапиев.

Сонымен қатар спикер балалардың су жағалауында ата-ана бақылауынсыз жүрмеуін ескертіп айтты.