Басты бетЖаңалықтарАлматыда діни...

Алматыда діни мәдениеттің рөлін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстелдің мақсаты — қоғамдық сананы жаңғыртудағы дін және діни мәдениеттің рөлін талқылауға, заңның жаңа аспектілері контексінде зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсінуге бағытталған.

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Бижанов дөңгелек үстелдің модераторы ретінде өз кіріспе сөзімен отырыстың жұмысын ашады. Алғы сөздерімен Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстелдің негізгі баяндамашысы — Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Алматы әкімдігі жанындағы Діни ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес мүшелері, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты», Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінің ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ, діни бірлестіктер мен қоғам өкілдері қатысады.