Жеке көлік vs Tакси: қайсына шығын аз кетеді?

Такси тарифтерін білу қиын емес. Ал жеке автокөлікті пайдаланудың шығындарын есептеу біраз еңбекті қажет етеді. Адамдар көлікті түрлі бағада сатып алады, бір көлікті жиі айдаса, бірі сирек қолданады. Кейбірінің жолы болып жөндеуге ара-тұра апарса, кейбірі тұрақты клиентке айналады.

Дегенмен, төмендегі мысал арқылы 1 км жолды жүріп өтуге кететін шығындарды есептеп көрейік. Біз келтірген мысал орнына өз цифрларыңызды қоюып, жеке шығындарыңызды дәл есептеуіңізге болады.

Таксимен жүруге кететін шығындар

Такси тарифтері апта күніне, тәулікке, ауа райына т.б. байланысты өзгеріп отырады. Ең бірінші көзге түскен такси қызметінің онлайн-калькуляторын пайдаланып көрейік. Мысалы, біз Алматы қаласы ішінде жол жүреміз.

Такси тарифі
Такси тарифі. Скриншот

Біз таңдаған «комфорт» нұсқасында 1 киллометрге 350 теңге төлеуіңіз қажет. Ал егер эконом нұсқасын таңдасаңыз — 300 теңге, бизнес нұсқасында километріне 500 теңге төлейсіз. Төмендегі ескертулерге назар аударсаңыз, бұл бағалар түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Әсіресе, қозғалыс қайнаған уақытта.

Жеке көлікпен жүргенде кететін шығындар

Мұнда ескеру керек шығындар бар:

  1. Бензин шығыны.
  2. Машина амортизациясы — cатып алу мен сату бағасының айырмашылығы.
  3. Иелену құқығына кететін шығындар — периодты төлемдер (салықтар, сақтандыруға берілетін төлемдер және т.б.).
  4. Периодты техникалық қызмет көрсету.
  5. Жөндеу.
  6. Машинаны сақтандыруға кететін шығындар.

Жанармай шығындары

Бұл шығынды есептеу оңай. Ол үшін автокөлігіңізге кететін орташа шығынды және сіздің аймағыңыздағы жанармай бағасын біліп алу керек. Мысалы, 7 л / 100 км орташа шығын болса, Аи-95 қазіргі бағасы — 176 теңге. Демек:

7 л × 176 тг/л ÷ 100 км = 12,32 тг/км

Автокөлік майына кететін шығынды да ескергеніміз жөн. Мысалы, 8 500 теңге тұратын мотор майы мен әрбір 15 000 км сайын өзгертуді есептесек:

8 500 тг ÷ 15 000 км = 0,56 тг/км

Өте елеусіз сома болғанымен, мұны да есепке алғанымыз жөн.

ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) тозуы мен мотор характеристикасының нашарлауының шығындары да өседі, бірақ ол да елеусіз көлемде екенін ескерейік.

Машина амортизациясы

Бұл да оңай есептелетін шығын: автомобильдің сатып алу бағасы мен сату бағасы осы уақыт аралығында автомобильдің жүгіруіне байланысты айырмашылығы қажет.

Мысалы, сіз көлігіңізді 4 500 000 теңгеге сатып алдыңыз, бес жыл өткен соң 1 500 000 теңгеге саттыңыз. Бұл уақыт аралығында жүру жолы 150 000 киллометрді құрады делік. Демек:

(4 500 000 тг −1 500 000 тг) ÷ 150 000 км = 20 тг/км 

Машинаныңыздың құны қаншалықты жоғары болса, пайдалану кезінде бағасын соншалықты жоғалтады. Көлігіңізбен қаншалықты аз жүрсеңіз, километрдің құны бойынша амортизацияның қосқан үлесі артады.

Иелену құқығына кететін шығындар

Мұнда көліктің жүруіне қатысы жоқ шығындарды қосамыз. Оған салықтар, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, техникалық байқаудан өту шығындары кіреді.

Жаңа көліктер жеті жылға дейін техникалық байқаудан өтпейді. Мысалы, 2011 жылдан бұрын шыққан машиналар техбайқаудан өтуі тиіс. Оның бағасы шамамен 7-8 мың теңге. Салық көліктің көлеміне байланысты төленеді. 1,6 көлемді машиналарға арзандау төленеді, 3-тен бастап баға бірден қымбаттап (200 мың теңгеге дейін) кетеді. Сақтандыруға класқа байланысты төлем жасайсыз. Мысалы, сегізінші класқа дейін көтерілген болса, орта есеппен 25 мың теңгеге дейін жетеді.

Бұл төлемдердің сомалары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ орташа есеппен жылына кем дегенде 60 000 теңге жұмсалады. Осы көрсеткішті есебімізге пайдаланамыз. Егер жылына 30 000 км жүріледі деп есептесек:

60 000 тг ÷ 30 000 км = 2 тг/км

Периодты техникалық қызметтер

Мұнда міндетті техникалық қызметтерге кететін шығындарды есептейміз.

Бұл шығын машинаның әр 15 000 км жүруіне байланысты есептеледі.

Көлік жаңа болса және және жөндеуді аса қажет етпесе, техникалық байқау негізгі тексеріс пен күйге келтіруге жұмсалады. Уақыт өткен сайын бөлшектерге жұмсалатын шығын да өседі.

Бұған әсер ететін факторлар:

  • Көлік қаншалықты ескі болса, техникалық байқау да қымбатқа түседі.
  • Көлік қымбат әрі күрделі болса, автобөлшектер мен автосервис қымбаттайды.

Осыған байланысты техникалық қызметтерге кететін шығындардың орташа құнын есептеу мүмкін емес.

Жөндеу

Жөндеуге кететін шығындарды техникалық байқауға кететін шығындардан бөліп қарастыру оңай емес. Қазіргі заманғы машиналар өте берік, бірақ барлық техникалар  секілді олар да бұзылады.

Жиі кездесетін жағдайлар:

  • Алғашқы екі-үш жылда жаңа машина іс жүзінде бұзылмайды. Уақыт өткен сайын және жүру көбейген сайын жөндеуге деген қажеттілік те артады.
  • Бөлшектердің құны және жөндеу құны брендке байланысты өзгеріп отырады.
  • Қызығушылығы мен қабілетіне байланысты иесі жөндеу жұмыстарының көптеген түрлерін орындай алады. Соның нәтижесінде қосалқы бөлшектердің құнын ғана төлеуіне болады.
  • Машинаның жағдайына байланысты жөндеуге жиі барады немесе ара-тұра тексерістен өткізеді.

Бірнеше автокөлік иелерінен алынған сауалнама бойынша, техникалық байқау мен жөндеу жұмыстарына бес жыл ішінде жалпы есепте жаңа көліктің 20-дан 50% -ға дейінгі ақысы жұмсалады.

Біздің мысалымызда жаңа көліктің бағасы 4 500 000 теңге еді. Максимум көрсеткіш бойынша есептесек:

4 500 000 теңге × 50% ÷ 150 000 км = 15 тг/км

Қорытынды

Біздің мысалымызда көлікті 4 500 000 теңгеге сатып алып, бес жыл өткен соң 1 500 000 теңгеге сатамыз. Бұл уақыт аралығында жүру жолы 150 000 киллометрді құрады делік. Демек 1 киллометр үшін жеке көлікке кететін шығындар:

Жанармай шығыны 12,32
Мотор майы 0,56
Амортизация 20
Иелену құқығына кететін шығындар 2
Жөндеу 15
Жиыны: 49,88 (теңге)
Көріп отырғанымыздай жеке көлікпен жүру такси қызметін қолданудан әлдеқайда арзанырақ.
Алайда такси қызметін қолданушылар тұраққа кететін шығын шығармайды.

Гаражды жалға алу, паркинг, қала ішіндегі тұраққа кететін шығындарды есептеп көрейік.

Алматы қаласының кей орындарында тұраққа қою сағатына 100 теңге. Егер сегіз сағат қойсаңыз, күніне 800 теңге төлеуіңіз керек. Төлемесеңіз, 7 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуіңіз қажет.

Гаражды жалға алу мекенге байланысты әртүрлі бағада болады. Мысалы, Алматының төменгі аймақтарында айына шамамен 7 мың теңгені құрайды. Егер ақылы көлік қоятын орындарға қойсаңыз, төбесі жабылған, жабылмаған деген сипаттарына байланысты болады. Оған бір айда шамамен 6 мың теңге шығаруыңыз керек.

Егер үлкен сауда орындарына көлігіңізді қойсаңыз, сағаты 300-400 теңгеге дейін барады.

Біздің есептеуіміз осындай қорытынды шығарды. Сіз қалай ойлайсыз: көлік сатып алған тиімді ме, әлде такси қызметін пайдалану ма?