Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дархан Кәлетаев Қазақстандағы Ватиканның Апостол Нунцийімен кездесті

Кездесу барысында Дархан Кәлетаев Қазақстан мен Ватикан арасындағы қатынастар өзара сенім мен түсіністікке негізделген конструктивтік ықпалдастықтың жарқын үлгісі екенін атады.

Министр өз сөзінде Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде еліміздегі түрлі діндер мен этнос өкілдерінің арасындағы келісім, түсіністік пен құрметті сақтауға айрықша мән беретінін баса айтты.

Кездесуде діни қызмет мәселелері бойынша заң жобасының кейбір нормалары талқыланды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 10-11 қазанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезіне Ватикан өкілдерінің қатысу мәселелері айтылды. Аталған шара «Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен өтеді.

Архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликат қазіргі уақытта Съездге қатысу үшін Ватиканнан келетін делегацияның құрамы әзірленіп жатқанын хабарлады.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version