Басты бет Жаңалықтар «Һибатулла Тарази» медресесінің түлектеріне диплом табысталды

«Һибатулла Тарази» медресесінің түлектеріне диплом табысталды

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және мысырлық ұстаз Сүлейман Саид, медресе ұстаздары Нұралы Бақытұлы мен Наркес Бұханов қатысты.

Фото: muftyat.kz

Құттықтау сөз сөйлеген бас имам Данияр Әлимұхамедұлы  шәкірттерге білімнің маңызы және еліміздегі діни ахуал жайында сөз қозғап, оларды жан-жақты сауатты, ағайынға қамқор, елге тұтқа болатын, білікті болуға шақырды.

Ал, ұстаздар білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

2011 жылы ашылған «Һибатулла Тарази» медресесі биыл өзінің төртінші түлектерін ұшырып отыр. Оқу жылы аяқталып, қорытынды сынақтан өткен шәкірттерге диплом берілді.

Медресемізді осы жылы 11 түлек тәмамдады. Оның ішінде 6 шәкірт үздік диплом иегерлері.

Үздік белгімен бітірген шәкірттер еліміздегі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білімдерін жалғастырмақ, ал қалған шәкірттер мешіттерде молдалық, ұстаздық қызметті қолға алуды мақсат тұтып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version