Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 миллионға жуық баспана салынуы тиіс. Бағдарламаның басты мақсаты тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу. Үкімет отырысында жобаның орындалу барысы, нәтижесі мен қордаланған мәселелері кеңірек айтылады. Сондай-ақ күн тәртібінде Алматы агломерациясын іске асыру барысы да қаралады.

Бұған қоса  аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру жайы да қаралады. Биыл саланы дамытудың негізгі 9 бағыты белгіленген. Бұл арқылы еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру көзделген. Отырыс қорытындысы бойынша Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері баспасөз конференциясын өткізетін болады.

Дереккөз24.kz