Аталмыш сайысқа 30 үміткер қатысты. Шара барысында сөз алған Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Құран түскен Рамазан айында Алланың Кәләмін оқудың, оны жаттаудың үлкен сауапты амал екенін тілге етіп, қатысушы үміткерлерге алғысын жеткізді.
Әділ қазылар алқасының төрағасы Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы Серік Ахметов, әділ қазылар алқасы мүшелері: «Бақыткелді» мешітінің наиб имамы Бақытжан Ақжолтай, «Әл-Мәдина» мешітінің наиб имамы Қайрат Дабылов жарыс қатысушыларына әділ бағасын берді.
Барлық жеңімпаздарға ең соңғы үлгідегі велосипед табысталды. Ал, жүлделі орындарға иелене алмай қалған барша қатысушы үміткерлерге самокат сыйға берілді.
30-пара бойынша:
І орын – Розиков Абзал («Вайнах» мешітінің 16 жасар шәкірті).
ІІ орын – Жақыпұлы Жансұлтан («Вайнах» мешітінің 15 жасар шәкірті).
ІІІ орын – Маметов Алимжан («Али Мұхаммед» мешітінің 12 жасар шәкірті).
ІV орын – Хакимов Муслим («Амин» мешітінің 16 жасар шәкірті).
V орын – Тохтахунович Ясинжан («Али Мухаммед» мешітінің 13 жасар шәкірті).
«Духа» мен «Нәс» сүрелері арасынан:
І орын – Тұрсынғазы Ислам («Али Мухаммед» мешітінің 12 жасар шәкірті).
ІІ орын – Сеитов Абдрахман («Али Мухаммед» мешітінің 12 жасар шәкірті).
ІІІ орын – Нурмаметов Мансур («Амин» мешітінің 9 жасар шәкірті).
ІV орын – Әмірхан Рамазан («Әл-Мадина» мешітінің 15 жасар шәкірті).
V орын – Нұрислам Алпамысұлы («Әл-Мадина» мешітінің 15 жасар шәкірті).