Басты бетЖаңалықтарМешіт жамағаттары...

Мешіт жамағаттары арасында футбол лигасының ашылу салтанаты басталды

Алатау ауданында орналасқан Almaty Arena стадионында мешіт жамағаттарының арасында футбол лигасының ашылу салтанаты өтті. Қазіргі таңда футбол ойынына жастардың арасында қызығушылық туып, айналысушылар қатары күн өткен сайын өсуде. Сол себепті, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен мешіттер жамағаттары арасындағы футбол лигасы биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр. 2018 жылға арналған «Асыл мұра» бағдарламасының жоспары бойынша жалпы 69 іс-шара қарастырылған болса, оның ішінде 58 іс-шара дәл осы футбол лигасы.

Футбол лигасы 3 кезеңге бөлінген:

  • 1-кезең – Іріктеу кезеңі, мешіт ішіндегі жамағат мешіт атынан шығу үшін бәсекелеседі;
  • 2-кезең – Аудандық кезең, бұл кезеңде мешіттер аудан атынан шығу үшін бақ сынайды;
  • 3-кезең – Ақтық кезең;

8 аудан бас жүлде 1 000 000 теңге және мешіттер арасындағы футбол лигасының чемпионы атағына ие болуға сайысады.

Бүгінгі ойын тізгінін Алғабас мешітінің жамағаты бастады.

Ашлу салтанатынында футбол лигасының шеруін 2017 жылғы мешіттер арасындағы Футбол лигасының чемпиондары: Алмалы ауданының Төле би мешіті, 2-ші орын иегерлері, Медеу ауданының жеңімпазы, Әл-Хамид мешіті, 3-ші орын иегерлері, Наурызбай ауданының жеңімпазы, Қалқаман мешіті және Алатау ауданының жеңімпазы – «Ұлжан» мешіті, Әуезов ауданының жеңімпазы – «Ақсай» мешіті, Бостандық ауданының жеңімпазы – «Байкен» мешіті, Жетісу ауданының жеңімпазы – «Әмин» мешіті, Түрксіб ауданының жеңімпазы – «Әлмерке» мешіті, сонымен қатар жеңімпаздыққа үміткер болып отырған: Алматы Орталық мешіті, «Алғабас», «Бекен-ата», «Рахат» мешіті, «Дархан», «Нұр», «Заря Восток», «Аскер-ата» мешіті, «Көк Қайнар-1», «Қыстаубайұлы Манас», «Аль-Азим», «Мырзахмет», «Ұлжан», «Ер-Жәнібек», «Таугуль-3», «Музаммиль», «Абу-Бакр», «Қарағайлы», «Нұр», «Кулиза-ана», «Ибраһим», «Ынтымақ-1», «Түркісіб», «Қайрат», «Фирали Ферганулы», «Мекке», «Ар-Рахим», «Вайнах», «Али-Мухаммед», «Наби», «Сұлтан Құрған», «Әль-Мадина», «Фатима», «Исмихан», «Аманкул-ата», «Нұрлы», «Арафат», «Омар ибн аль-Хаттаб», «Райымбек батыр», «Бахыткелді», «Орбита», «Нұр-Мубарак» мешіттері бастады.

Шеруден соң қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтау үшін лауазымды тұлғалар, мешіттер арасында спорттық додаларды қолдаушы: Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы – Еркінбек Шоқай сөз сөйледі.

«Ассалаумағалейкум, құрметті қонақтар және жарысқа қатысушы жамағат! Барлығыңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Ораза айын тәмамдап, айт мерекесіне жетіп отырмыз. Бүгін Алатау ауданындағы Алматы аренада спорттық шарамыз өтпекші. Өткен жылы да Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен осы шара ойдағыдай өткен болатын. Денсаулық  -құдайдың берген аманаты. Сондықтан да барынша спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанайық. Міне, бүгін бірнеше мешіт футбол бойынша бақ сынасады. Барша қатысушы командаларға  тек сәттілік тілеймін», — деді Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы.

Ашылу салтанатында қазақтандық эстрада жұлдыздары Рамазан Стамғазиев, Райым Уайыс, «Домбыра» тобы ән шашуларын тарту етті.

 Ассалаумағалейкум, барша мұсылман қауым! Айт мерекесі құтты болсын! Екі күн қатарынан айт мерекесі тамаша өтіп жатыр. Кеше барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Айт намазынан соң, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Орталық мешіт жанында спорттық ойындардан үлкен шаралар өткізілді. Міне айтты, шын мәнінде қуанышпен өткізіп жатырмыз. Бүгін осындай үлкен турниремен жалғасуда. Осындай мүмкіндік беріп, ұйымдастырып, қолдап отырған Алматы қаласы әкімдігіне және Алматы қаласы Дін істері бақармасына алғысымызды білдіреміз!», — деді Еркінбек Шоқай.

Сондай-ақ футболдан бөлек барша көрермендерге арналған тамақтану және белсенділік пунктары да қызмет атқарды. Олар бамперболдан өз бақтарын сынауға мүмкіндік алды.