Алматыда «Епті аула сыпырушы» шеберлік сабағы өтті

«Ең үздік аула сыпырушы» жыл сайынғы байқауы биыл «Эфес Қазақстан» ШС» АҚ демеушілік етуімен және «Нағыз алматыша» Қоғамдық қорының қамқорлық көретуімен басталған болатын. Аулаларды таза ұстап, дуалдар мен жол жиектерін сырлауды, гүлзарлар мен көк шалғынды тегістеп қырқуды өзіне міндет етіп алған жандарға арналған бұл байқау осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осылайша байқау арқасында мегаполис тұрғындары күнде қаланы тазалықта ұстап жүрген адамдардың есімдерімен танысып, аула сыпырушыларға олардың ауыр жұмысы үшін алғыс білдіруге мүмкіндік алып отыр.

15 маусымға дейін өтінімдер жиналатын болады, онда үміткер туралы ақпаратты және оған бекітілген аумақты көрсету қажет. 15 маусымнан бастап 15 тамызға дейін созылатын екінші кезеңде дауыс беру өтеді. Байқаудың осы кезеңінде әрбір алматылық оның ойынша ең үздік аула сыпырушы деген мәртебеге лайық адамға өз дауысын бере алады.

Биыл «Ең үздік аула сыпырушы» байқауының жүлде қоры 650 000 теңгені құрап отыр:  бірінші орынға — 200 000 теңге, екінші орынға — 150 000 теңге беріледі. Үшінші орынға берілетін 100 000  теңгеге тең сыйлықты үш қатысушы ала алады. Сонымен қатар, әрбір ауданның аула сыпырушыларына мадақтау сыйлықтары мен дипломдар табысталмақ.