Басты бет Жаңалықтар Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы алғашқы ресми жарнамалық ролик жарияланды

Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы алғашқы ресми жарнамалық ролик жарияланды

Америкалық Golden Boy Promotions промоутелдік компаниясы мексикалық боксшы Саул Альварес пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жектің алғашқы жарнамалық ролигін жариялады.

©youtube.com

Видео бүкіл әлемге танымал промоутерлік компанияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына жарияланды.

Еске сала кетсек, екі тарап ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде екінші рет жекпе-жек өткізу туралы тоқтамға келді. Жанкүйерлер жекпе-жекті осы жылдың 15 қыркүйегінде көреді. Боксшылар осы жолы да Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version