Басты бетЖаңалықтарГоловкин мен...

Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы алғашқы ресми жарнамалық ролик жарияланды

Видео бүкіл әлемге танымал промоутерлік компанияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына жарияланды.

Еске сала кетсек, екі тарап ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде екінші рет жекпе-жек өткізу туралы тоқтамға келді. Жанкүйерлер жекпе-жекті осы жылдың 15 қыркүйегінде көреді. Боксшылар осы жолы да Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде жекпе-жекке шығуы мүмкін.