Астанада IV халықаралық «KADEX-2016» көрмесі басталды

Биылғы жылы көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейтілді. Авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері.

Барлық павильондар көрме қонақтарын, олардың арасында қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің мамандарын құшақ жая қарсы алуға дайын. Ал ашық есік күндері барша қауымның көрмені тамашалауға мүмкіндіктері болады.

Алғаш рет «KADEX-2016» көрмесінде «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналар мен қазақстандық өндірістің «Барыс» броньды транспортеры ұсынылды. Қазақстанда мұндай әскери техниканың баламасы жоқтың қасы. Оны ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорындарда шығарады.

ҚР Қорғаныс министрлігімен өткізіліп жатқан төртінші халықаралық «KADEX-2016» көрмесі ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жалғасады. Соңғы екі күнде 4 және 5 маусымда көрме барлық келушілер үшін есігін айқара ашады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрме павильондарында болып, ақысыз негізде авиациялық және өзге де әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерінің көрсетілімдерін тамашалай алады. Көрме қонақтары аталған іс-шараға №10, 12, 100 автобустық бағдарларда жете алады.