Басты бетЖаңалықтарДанияр Ақышев...

Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасы әзірленгенін мәлімдеді

Бас банкирдің айтуынша, бағдарлама 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылады. Ұлттық банк тарапынан қажетті инфрақұрылым құрылып, жаңа ипотекалық бағдарламаның операторы қызмет етеді. Мұнымен «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ еншілес ұйымы да жұмыс істеп жатыр.

«Бұл компания облигациялар шығарады және тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», — деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ ол бағдарламаны әлеуетті қарыз алушылар ешбір жағдайда мемлекеттің өтеусіз көмегі ретінде қабылдамауға тиіс екенін атап өтті.

«Қарыз алушылар тарапынан да, банктер тарапынан да төлем қабілетінің болуы және әділ нарықтық қағидаттарды қатаң сақтау  жаңа ипотекалық Бағдарламаның негізі болады. Қарыз алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы — Бағдарламадағы негізгі талаптарының бірі. Бұдан басқа, әлеуетті қарыз алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі оларға алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, демек қарыз бойынша пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды», — деп түсіндірді Данияр Ақышев.

ДереккөзInform.kz