Жарыс шахмат, футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннис, қол күресі, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен өткізіледі.
Спартакиаданың бірінші күні РСК-те футболдың бастапқы ойындары (ерлер), ал, ҚазСТА волейболдан (аралас команда) өтеді. Басталуы 09:00-де.
Екінші күні, осы спорт кешендерінде футбол мен волейболдан финалдық кездесулер өтсе, басқа спорт түрлері РСК-те ұйымдастырылады. Жарыстың салтанатты ашылуы сағат 10:00-де, ал жарыс 09:00-де басталады.
Жарысқа Алматының мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдары қатыса алады.
Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен және кубоктармен марапатталады
Айта кетер жайт, жарыстың басты мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтына бейімдеп, үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.