Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «Ұлттық домбыра күні» пайда болды

Қазақстанда «Ұлттық домбыра күні» пайда болды

Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін белгілегені туралы жарлық 13 маусым күні Ақорда сайтында жарияланды.

Фото ашық дереккөзден

Ұлттық домбыра күні туралы

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version