Басты бет Жаңалықтар Астанадан Балқаш пен Алакөлге дейін қосымша пойыз жүреді

Астанадан Балқаш пен Алакөлге дейін қосымша пойыз жүреді

Астанада Балқаш көлі мен Алакөлге дейін баратын қосымша пойыз шықты.

Фото: Мgorod.kz

Жаз шыққан соң курортты шипажайларда, табиғат аясында демалып, еліміздің тарихи-мәдени орындарына барғылары келетін жолаушылар қатары көбейеді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ демалушылар мен туристерге пойызбен жүретін ыңғайлы кесте ұсынады.

«Астана мен Орталық Қазақстандағы жолаушыларды Балқаш пен Алакөлге тасымалдау үшін қосымша №253/254 «Астана-Достық» пойызы іске қосылады. Ол 17 маусымнан бастап 30 тамызға дейін Астанадан жексенбі, бейсенбі күндері, 18 маусым мен 31 тамыз аралығында Достықтан дүйсенбі, жұма күндері шығады. Жолаушыларды отырғызып-түсіру станциялары: Астана-1, Қарағанды-Сортировочная, Қарағанды, Ақадыр, Мойынты, Балқаш, Саяқ, Ақтоғай, Бескөл, Ақши, Көктума, Жалаңашкөл, Достық», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Семей-Жалаңашкөл», «Өскемен-Жалаңашкөл» бағыты бойынша қала маңымен жүретін пойыз ұйымдастыру жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version