Доллар бағамы 307 теңгеден жоғары

Айта кетейік, кеше таңғы сессия 307, 62 теңге бағаммен аяқталды, ал оның алдындағы күндері, нақтырақ айтқанда 16 қараша күні күндізгі саудада бағам 307,75 теңге болды.

18 қараша күнгі таңғы саудаға валюта нарығының 17 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 60,3 миллион долларға тең, ол бұған дейінгі сауда көлемінен 40,7 миллионға жоғары. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетелдік валютаны 306-309 теңгеге бағалап отыр.

Еске сала кетейік, аптаның басында доллар бағамы 308,36 теңге болды. Оған дейін — 307,87 теңге. 13 қараша күні таңертең шетел валютасы 307,73 теңгеге бағаланды. Ал тарихи антирекорд 30 қазанда орнады. Ол кезде валютаның бағасы 312,65 теңге болды. Бұл уақыттың ішінде Ұлттық банк нарыққа араласатыны туралы жариялаған жоқ.

Сонымен қатар, Қазақстанның үш жылға арналған бюджеті 300 теңгебағам бойынша есептелетін болды. Бұған дейін Мемлекет басшысы доллар бағамына қатысты комментарий беріп, Ұлттық банктен халыққа не болып жатқанын түсіндіруді талап етті.

Дереккөзtengrinews.kz