Белдіктің құрылымы

Кез келген белдік 2 бөліктен тұрады: айылбас және таспа. Қосымша элементтері – бастырма және ұшы. Бастырма белдіктің бос жерін бекітеді, ал ұшы оны тозудан қорғайды. Ұшы былғары белдікте металдан жасалса, мата белдікте теріден жасалады.

Белдіктер қандай болады?

Қатты түрі

Олардың бір-бірінен айырмашылығы аз. Дегенмен, сипаттап көрейік.

Айылбасы. Жылтыр, тегіс, алтын немесе күміс түстес. Әдетте жиекті болады.

Ені. Қатты белдіктер жұқа болады. Ені 2,5-3,8 сантиметрден аспайды.

Материалы. Біріңғай тері. Табиғи немесе жануар терісін пайдаланбайтындар үшін жасанды тері.

Ең көп пайдаланылатын материал – өгіз терісі. Ол әдемі және берік. Ал бұзаудың терісі жұмсақ және созылмалы немесе серпінді болады. Одан жасалған белдіктер сапалы келеді.

Сирек кездесетін және қымбат түрлері – қолтырауынның немесе жыланның терісі. Бұл тері қатты белдіктерге жарасымды.

Түсі. Қатты белдік сырт көзге айқын көрінуі қажет емес. Дәстүрлі түсі – қара және қоңыр. Ресми киім үлгісіне қою қызыл, ақшыл сары, қою көк, сұр, ал жазда – ақ түсті белдік сәйкес келеді. Белдіктің сыртқы қабаты тегіс, жылтыр және өрнексіз болғаны жөн.

Белдіктің костюммен үйлесімдігі

Белдік терісінің түсі мен жылтыры аяқ-киіммен сәйкес келуі тиіс. Айылбасы киім үлгіңіздегі металдан жасалған басқа бұйымдармен, мысалы жүзікпен үйлесім табуы керек.

Күнделікті түрі

Күнде қолданатын белдік таңдар кезінде кішкене қиялға ерік берген жөн. Себебі, ол сіздің болмысыңыз бен сәнге деген сезімталдығыңызды білдіреді.

Ені. Күнделікті белдіктер қаттысына қарағанда кеңірек болады. 3,8-4,5 сантиметр. 3,8 сантиметрлі белдікті джинсымен немесе қатты маталы шалбарлармен киген дұрыс. Одан да кең белдікті классикалық үлгідегі шалбармен кигін жөн.

Түсі. Қоңыр – күнделікті қолданатын белдіктің әмбебап түсі. Қара белдік джинсы мен хаки түсті шалбарларға сәйкес келмейді. Егер жеке образыңызды көрсеткіңіз келсе ашық түстерге мән беріңіз.

Күнделікті белдіктердіңтің айылбасы қандай болады?

Жиекті айылбас. Күнделікті белдік қатты түріне қарағанда үлкенірек және массивті болады.

Айылбас-бляха (жазу немесе нөмір ойылып жазылған жұқа металл). Әдетте бляха ашыла бермейді. Онда жазу немесе өрнек болады. Ол белдікті ұзартады.

Автоматты айылбас. Мұндай айылбастарда саңылау болмайды. Таспа айылбастың өзіне бекітіледі.

D немесе O пішініндегі айылбас. Белдікті бекітетін бір немесе екі сақинасы болады. Мұндай айылбастар тоқыма және кенеп белдіктерде көп кездеседі.

Бекітпе-айылбас. Қауіпсіздік белдігі сияқты жылдам, оңай бекітіледі. Мұндай айылбас белсенді өмір сүретіндерге таңсық емес.

Белдікті қандай материалдан жасайды?

  • Табиғи тері. Күнделікті былғары белдіктер кең әрі қатты болады. Оны әдетте өгіздің сыртқы қабатындағы терісінен жасайды. Кейбірі жануардың тірі кезіндегі тыртығын қалдырады.
  • Тоқыма тері. Мұндай белдіктер костюммен емес спорттық пенжектерге жақсы үйлеседі. Түрлі-түсті белдікті жазда хаки түсті шорты және поло-жейдемен киген жөн.
  • Бедерлі тері. Мұндай белдік қарапайым сән үлгісіне, мысалы, жейде мен джиныге сәйкес келеді. Оны ашық түсті киімдермен қолданбаған жөн.
  • Таспамен біріктірілген тері. Сырт көзге айрықшы көрінуге оңтайлы нұсқа. Мұндай белдік ұшы үшкір (лодочный) туфлимен үйлеседі.
  • Замш. Былғарыға қарағанда жұмсақ болады. Әдетте сырты замш белдіктің іші былғарыдан жасалады.
  • Тоқыма мата. Көп уақытын сыртта өткізетіндер үшін ыңғайлы материал. Түсі мен өрнегі талғамға сай таңдалады.
  • Арқан (жіп, бау). Әдетте әйелдер көп қолданады дегенмен ер адамдарға да рұқсат. Мұндай белдіктерді көбіне теңізшілер (моряк) киеді. Ол айылбаспен емес түйінмен бекітіледі. Олар ұзаққа шыдайды.
  • Кенеп мата. Мұндай белдіктің айылбасы металдан жасалады. Олар әдетте бір түсті немесе көлденең сызықты түстермен боялады.
  • Винил. Ашық, батыл және арзан нұсқа. Мұндай белдікті көбіне жастар киеді.

Белдікті қай кезде қолдану керек?

Бастырмасы бар кез келген шалбармен киеді. Ондай шалбарды белдіксіз кисе ұқыпсыздық байқалады.

Ресми костюм кигенде белдік тағу міндетті. Тек кей еркін образдағы жейделерде белдік тақпауға болады.

Белдікті немен үйлестіруге болады?

Белдік адамның образын толықтырады немесе кейбір бұйымға, киімнің кішкене бөлшегін сәйкестендіреді. Ол алдыңғы орында костюмнің өзге бөліктерімен үйлесім табуы керек, мысалы, аяқ-киіммен. Бұл қатты белдік қоданғанда міндетті түрде ескерілуі керек. Ал, күнделікті белдікте айылбастың метал бұйымдармен сәйкес келуі жеткілікті. Бұл кезде аяқ-киімнің түсі бірдей болуы міндетті емес. Ең бастысы, белдіктің образға сай болуы. Күмәнданып тұрсаңыз қоңыр түстісін таңдаңыз.

Ашық немесе ерекше сәнді белдік. Мұндайда бір түсті киім мен өрнексіз бұйымдар таңдаңыз. Образда бір-екі түс болуы жеткілікті. Белдік адамның беліне назар аудартатын бірден бір бұйым екенін естен шығармаңыз. Өз-өзіңізге сенімсіз болсаңыз оны қолданбаңыз.

Кейде қатты және күнделікті белдіктер бір–бірін алмастыратын жағдайлар болады. Қатты белдік тек ресми костюмдерге ғана емес кей  спорттық пенжектермен де сәйкес келуі мүмкін. Күнделікті белдікті джинсы, шортымен ғана емес чинос-шалбармен де киюге болады.

Нақты стильдегі киім кисеңіз белдіктің сәйкес келуі өте маңызды.

Өз өлшеміңізді қайдан білуге болады?

Шалбар белінің құлашын өлшеңіз. Ал белдік, одан 3-5 сантиметрге ұзын болуы керек. Немесе бұрынғы белдігіңізбен есептеңіз. Егер сізге ұнап қалған белдіктің өлшемі сәйкес келмесе немесе бұрынғысы қысқарып қалса, өздігіңізден саңылау жасауға асықпаңыз. Ол сырт көзге айқын байқалады. Оны аяқ-киім шеберіне апарыңыз.

Сапалы белдікті қалай таңдауға болады?

Күнделікті белдікті әр жыл сайын қалауыңызға қарай ауыстырып отыруға болады. Қатты белдіктің ұзақ уақытқа шыдайтынын сатып алу керек. Егер сапалысын таңдасаңыз, оны он жылдан да көп уақыт пайдалана алсыз. Ең дұрысы – бұзау терісінен жасалған белдік. Ол жұмсақ әрі созылмалы болады.

  • Тіріде жырық пайда болатынын немесе болмайтынын білу үшін белдікті майыстырыңыз. Жаймен тырнақпен басып көріңіз. Егер із қалса, тері әлі жұмсақ. Ескі, мықты теріде із қалмайды.
  • Тігісіне назар аударыңыз. Олар ұсақ әрі бір-біріне тығыз байланысып тұруы қажет. Ұсақ жіптер шықпауы керек.
  • Айылбасы алына ма жоқ па? Өздігінен алынатын айылбасы болса тиімді. Сіз оны жағдайыңызға байланысты басқасымен ауыстыра аласыз.
  • Бренд маңызды емес. Оның дизайнерлік белдік екенін басқалардың аңғаруы екіталай. Ең бастысы сапалы тері және ұқыптылық.

Аударған Мейірім Бақытжанова

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!