Астананың 20 жылдығына орай салт аттылар шеруі жолға шықты

Астана қаласының 20 жылдығына орай Астана-Бұйратау-Баянауыл-Қарқаралы бағыты бойынша көпкүндік салт аттылар шеруі басталды.

©Baq.kz

«Астана — Ұлы дала елордасы» атты экспедициялық  турдың жалпы ұзындығы – 600 шақырым. Ол Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарына қарасты Бұйратау, Баянауыл және Қарқаралы ұлттық саябақтары арқылы өтеді. Бұл топтағы ең жас қатысушы 14 жаста.

Жобаға қатысу үшін ешқандай төлем жасаудың керегі жоқ. Тек мінер атын өзі алып келуі керек. Қатысушылардың жатар орны, тамағы ұйымдастырушылардан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version