Астананың 20 жылдығына орай салт аттылар шеруі жолға шықты

«Астана — Ұлы дала елордасы» атты экспедициялық  турдың жалпы ұзындығы – 600 шақырым. Ол Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарына қарасты Бұйратау, Баянауыл және Қарқаралы ұлттық саябақтары арқылы өтеді. Бұл топтағы ең жас қатысушы 14 жаста.

Жобаға қатысу үшін ешқандай төлем жасаудың керегі жоқ. Тек мінер атын өзі алып келуі керек. Қатысушылардың жатар орны, тамағы ұйымдастырушылардан.