Әріптесіңізбен қарым-қатынас
Қалыпты жағдайда шаруашылықтың негізгі бөлігін жүргізетін адаммен міндетті түрде материалдық сұрақтарды талқылау керек. Көбіне бұл категорияға ерлі-зайыптылар, тұрғындар кіреді. Бірақ, қалыпсыз жағдайлар да болады: мысалы, бір үйде апалы-сіңілілер тұрады. Бұл орайда қаржылық қарым-қатынасқа әріптестің көзімен қараған дұрысырақ.
Отбасындағы қаржылық қор азая бастағанда келіспеушіліктер туындауы ықтимал. Өйткені, біз мұндай жағдайға оны тиімді жұмсауды жоспарлау жағынан қараймыз. Сондай-ақ, шығындар мен қаржыны тиімді үйлестіруді қолға алып, үйдегі араздықты қалыпқа келтіруге арналған бірнеше қадамдар бар.
Шығындар есебі
Екеуара келіспеушіліктен құтылып, барлық шығындарды есептеп, отбасылық қаржы бюджетін жақсартып қалыпты жағдайға көшу бірнеше айға созылады, әрі мұны бірнеше топқа бөліп қарастыру көзделеді. Аталмыш есепті Excel кестесінде немесе басқа сәйкестендірілген қосымшамен орындауға болады.
Қаржы жұмсалымының анализі
Серіктесіңіз екеуіңіздің шығындар жөніндегі барлық жазбаларыңызды жинақтаңыз. Сіздің мақсатыңыз – ақшаны кімнің жөнсіз жұмсауын анықтау емес. Сізге қанша шығын шығатынын анықтау керек. Бір жағынан серіктесіңізге ақшаны алдымен нақты керек-жараққа қолдану керектігін және өмірлік маңызы бар қажеттіліктерге жұмсаудың тиімділігін айтып өтіңіз.
Бір жағынан, сіз үшін жәй ғана қаржы жұмсаудың себебі болып табылатын ұсақ-түйектер серігіңіз үшін жоғары маңызға ие қажеттілік болуы мүмкін. Сондықтан, жұбайыңыздың өз позициясын қорғауына нақты себептері болуы шарт.
Ұзақ мерзімді бюджет
Жан-жақты ойластырылған қаржылық жоспар барлық шығынды бақылауда ұстауға жақсы көмектеседі және сіздерді жаңа бәтеңкені қымбат құнына қарамай сатып алып, аш қалу жағдайынан құтқарады. Шығындардың жұмсалу барысын оның мөлшері ортақ табыстарыңыздың мөлшерінен асып кетпейтіндей етіп жақсылап ойластыру керек.
Сіз бюджетті ойластыруда ақшаның негізгі қажеттіліктерден бөлек, басқа қалауыңызға да толық жететіндей етіп қарастырасыз.
Отбасылық қаржы қоры
Отбасылық қаржыны есептеудің бірнеше тиімді жолдары қарастырылған. Кейбір отбаслыар мұндай есептеудің нәтижесінде, ортақ келісімге келеді, ал кейбірі керісінше жанжалдасуды көбейтеді… Егер жан-жақты қарастырылған әдіс-тәсілдердің ешбірі сәйкес келмесе, сіздің жұбайыңыз үнемді болу керек.
Ортақ бюджет
Сіз ақшаны үйдегі жәшікке салсаңыз да немесе ортақ банктік есепшотқа аударсаңыз да әркім керегінше жұмсайды. Егер отбасының әрбір мүшесі қаржымен арадағы арақашықтықты сақтап әрі артық қолданысқа жол бермейтін болса – бұл тәсіл де жаман емес. Ал, жағдай керісінше болғанда ұрыс-керіс табан астында екені даусыз.
Егер жұбайыңыз екеуіңіз бірге қаржы жоспарының шеңберіндегі шығындарды есептуге қабілетті болсаңыздар, онда ортақ бюджетке жан кірді деген сөз! Егер айдың соңында ақша салынған шкафтың түбінде белгілі бір суммада қаржы қалса, оны теңбе-теңге бөлуге болады. Бұл ақшаны әркім қз қалауына жұмсайды немесе үлкен мөлшердегі сауданы жасауға сақтап қояды.
Жеке бюджет
Сіздердің отбасында әркім өз еңбекақысын алады және оны өз бетінше жұмсайды, ал ортақ сауда-саттыққа әдеттегіше сіз төлейсіз. Бұл – қаржылық ұрыс-керістен құтылуға жетелейтін жол емес екені анық. Біріншіден, отбасы мүшелерінің айлық мөлшері әртүрлі болуы мүмкін, сонымен бірге тәбеттері да әртүрлі болуы мүмкін. Иә, азық-түлік себеті аптадан-аптаға әртүрлі қалпында жетеді ғой. Әрине, тоңазытқыштың сөрелерін бөлу немесе электр қуатын есптеу үшін екі қондырғыны қатар қою қиын дүние ғой, тіпті мүмкін емес! Бұл жағдай да сол тектес бір адам үшін тиімсіз.
Артық шығынның сізге қажет болмауы – мүлде басқа жайт. Егер серігіңіздің сізден табысын жасырмайтынына сенімді болсаңыз, тек әртрлі әмияндарда сақталатыны болмаса, онда бюджет расында да ортақ қолданысқа айналады.
Үлесімдік бюджет
Қордағы ақша ортақ қажеттілікке жұмсалуы үшін отбасы мүшелерінің әрбірі айлық табысының белгілі бір бөлігін ортақ қорға салады. Ал, бұл бірдей сомалар болуы мүмкін немесе шығынның белгілі бір бөлігі болуы мүмкін. Ортақ қажеттіліктерге нақты қанша қаражат керек болса сіздің бұрын құрған бюджетіңіздің де мөлшері айқындалады. Ең алдымен ортақ бюджеттен азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге және тұрмыстық химияға қаржы алынары сөзсіз. Ал, қалған ақшаны хоббиге немесе көңіл көтерулеріңізге жаратуға әбден болады.
Егер жұбайыңызбен ортақ келісмге тез арада келе алатын болсаңыз, бюджеттің кез-келген түрі жақсы. Тіпті, ең мінсіз жоспарлар жұбайыңызбен арада ақшаға қатысты «сенікі, менікі» деген ұғымдардың болмауымен көрініс табады.
Ата-анамен қарым-қатынас
Ата-анаңызбен қаржылы қарым-қатынас барысы олардың сіздің өміріңіздің материалдық жағынан қаншалықты қатынасы барынан айқындалады.
Жасыңыз 20 жастан төмен және сіз ата-атаныздың қамқорлығындасыз
Ата-ананың көзқарасы бойынша тапқан табыстың қайда кететіндігін есептеу – маңызды. Мұның да бірнеше варианты бар. Егер ата-анаңыз сіздің қалта шығыныңызға белгілі бір мөлшерде қаржы беретін болса, оларға нақты қажеттілікке қанша қаражат жұмсайтыныңызды алдын-ала ескерткеніңіз жөн.
Ата-анаңызға нақты қажеттіліктеріңізге арналған қаржы мөлшерін хабарлағаннан кейін, өзіңіздің қосымша табысыңыздың жұмсалуын қадағалаңыз. Оны басы артық дүниеге шығындамайтыныңызға келісуге болады. Сонымен бірге, ата-анаңыздың айлық мөлшері отбасының алдыңғы реттегі қолданысы үшін жетімсіз болса, онда табысыңызды ортақ бюджетке салғаныңыз дұрыс. Бір сөзбен айтқанда, қаржылық сұрақтарды үстел үстіндегі әңгімеде шешіп алғандарыңыз жөн.
Сіз өзіңізді қаржымен толыққанды қамтамасыз ете аласыз
Егер сіз материалдық тұрғыдан ата-анаңызға бағынышты емес және себепті-себепсіз ақша сұрамайтын болсаңыз олармен ақшаны қайда жұмсайтыныңыз жайлы емес, сепарация сұрақтарын талқылауыңыз маңызды. Өзіңіздің айлық табысыңыз жайлы әңгімелесуді доғарыңыз, сіз бұл үшін тым ересексіз!
Сіз ата-анаңызбен бірге тұрасыз
Егер сіз ата-анаңызбен бірге тұратын болсаңыз, қаржы жөніндегі ұрыс-керістің тууы заңды. Олар сізді өздерінің көмегінсіз қадам жасай алмайды деп есептейді және бұл шындыққа жанасуы мүмкін.
Бәстесуге апаратын себептерден барынша алысырақ болу үшін коммуналдық төлем мен азық-түлікке арналған төлемдерге табысыңыздың белгілі бір бөлігін арнаңыз. Мысалы, егер сіз жатын бөлмеге арналған шам жағып кітап оқисыз, ал ата-анаңыз шырақ жағып кешкі астарын ішеді. Мұнда ешбір айырмашылық жоқ, бастысы отбасылық бюджетке қолғабыс ете білсеңіз жетіп жатыр.
Сіз ата-анаңыздан ақша алмайсыз, бірақ олардың пәтерінде тұрасыз немесе мүлкін пайдаланасыз
Көп дүние сіздің отбасыңызбен арадағы қарым-қатынасыңызға байланысты. Бірақ әлемде пәтерге кез-келген уақытта қоңыраусыз келуге, мүліктерді қолдануға, шығынды бақылауға, баланың қылығын жасау және өзіән бала сияқты ұстау, оларға пәтер тиесілі емес сонда да олар жағымсыздықтың иегері болатын, осы жағдайға ұшырасқан миллиондаған оқиғалар бар. Бұл жерде ата-анадан бөліну тағы да алға шығады, өйткені олардың тарапынан мұндай әрекетке рұқсат жоқ.
Бұл ретте пәтерден шығып, ата-анадан бөлек кету дұрыс емес, керісінше, тұрғын үйдің шығындарын бөлісіп төлеуге әрекет ету жақсы.
Типтік құжаттарды қолданыңыз. Қаласын қаламасын, ата-анаңыз тиісті орынға өтінім жаза алады. Себебі, сіз – тұрғынсыз.
Жанжалдың бірден тоқтауынан үміттену – орынсыз. Бәрінен бұрын оларды мұқият тыңдаңыз. Бірақ сіздің негізгі мақсатыңыз – болған жайды жағдай асқынып кетпей тұрып түсіндіру. Кез-келген уақытта барлық жайға дайын болу керек, себебі пәтер сіздерге тиесілі емес қой…
Достармен қарым-қатынас
Достарыңызбен арадағы қаржылық келіспеушілікті жоюға арналған бірнеше тәсіл бар.
Қарыздар
Халық даналығы сыйласатын жақсы достан қарыз алмауды және оған қарыз бермеуді нұсқайды. Мәселе сіздің қарызды уақтылы қайтара алуыңызда немесе алмауыңызда. Соған сәйкес досыңызды да күтуге тура келеді. Егер қандай да бір себеппен досыңыздың сізден алған ақшаны қайтара алмайтынына сенімді болсаңыз, оған қарыз бермеңіз.
Ортақ бизнес
Жақын көрер досыңмен ортақ іс қылмауға үндейтін халықымыздың даналығына тағы да назар аударамыз. «Халық айтса, қалып айтпайды» ғой, жақсы достар бизнес үшін жанжалдасуы мүмкін, тіпті бір-бірін жау көріп кетуі мүмкін, өйткені олар үнемі ортақ нәрсені бөлісе алмайды…
Егер сіз тәуекелге баруға дайын болсаңыз, серіктестіктің жауапкершіліктері мен сіздің іс-қағаздарыңызды өте жақсы деңгейде реттеп берер заңгердің шарттарына бағыт алмағаныңыз жөн. Тіпті егер сіздер бір-біріңізге жеткілікті дәрежеде сенімді болсаңыздар да құжаттар бір-біріңізден алшақтатып, достықтарыңызды жеке бастың жеңісі үшін құрбан етуге мәжбүрлеуі мүмкін.
Шығындардың әділетсіз бөлінісі
Көптеген компанияларда кезектесіп бір-бірі үшін төлеу немесе есепті теңге бөлу этикет талаптарының орындалуын сақтау мақсатында қабылданған. Бірақ, бір шындығы – достардың шығыны әртүрлі болуы мүмкін. Егер бірінші кісі шайға, екінішісі шаян етінен жасалған салатқа тапсырыс береді, десек те есепшот теңге бөлініп, осы орайда сұрақтар туындауы мүмкін. Әркімнің үлесін дұрыс есептеу шін калькуляторға сағаттап отыруыңыз міндетті емес. Сонда да есептің әділ бөлінгені дұрыс.
Қорытынды
Ақша – адамдар арасындағы араздық себебі болуы мүмкін, десек те аталмыш мәселені шешудің ең оңтайлы құралы.
Бастысы – қаржыға қатысты келіспеушіліктің бәрінің негізгі себебі табыс пен шығынның айналасында емес екенін ұғына білгеніміз артық етпейді. Ақша – өзіңді қауіпсіз сезінуіңнің негізгі факторларының бірі. Күйеуі әйелінен шаштараз үшін ақша қызғанса, оны қызғаныш емес, қазіргі қалпынан да сұлу болып өзінен кетіп қалуынан қорқады деп түйсінгеніміз жақсы емес пе!?! Ал, ата-аналар ешқашан балаларынан жақсылығын аямайды, тек еңбекпен табылған қаражаттың бағасын білсін дейді ғой.
Сол себептен де өмірде ақшаны табудың, ақшаны табумен қатар оны тиімді жұмсай білудің де алгоритмі бар! Психолог кеңесіне жүгініңіз! Тапқан табысыңыз әрқашан берекелі болсын!