Астанада жеті мемлекеттің электронды үкіметтер альянсы құрылды

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения, Эстония және Әзербайжан электронды үкіметті дамыту бойынша практиктер Альянсына бірікті.

Электронды үкімет Альянсы
©Inform.kz

Практиктер Альянсының негізгі мақсаты – жеті мемлекет арасында ынтымақтастықты арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу. Альянс осы мақсатта ортақ шешімдер мен идеялар іздеуге жол ашады.

Бұл Альянсты құру идеясы 2017 жылы мемлекеттік басқару саласы сарапшыларына арналған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша халықаралық семинар кезінде көтерілген. Бұл – Астана хабы құрған екінші Альянс. 2016 жылы Әзербайжан, Грузия және Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Альянс құрылып, оның нәтижесінде үш елдегі «бір терезе» қағидаты бойынша үш зерттеу жұмысы жасалған болатын.