Әлемдегі ең күшті суперкомпьютер жасалды

Ол Summit қуаты жөнінен бәсекелестерінен үш есе мықты. Оның өндірістік қуаттылығы 200 петафлопс. Бұған дейін ең күшті деп есептелініп келген қытайлық Sunway Taihu Light суперкомпьютерінің өндірістік қуаты 93 петафлопс.

Жалпы, Summit бірінші кезекте астрофизика, рак зерттемелерінде және жүйелік биология саларында қолданылатын болады. Бүгінде суперкомпьютер Теннесси штатындағы Ок-Ридж ұлттық зертханасында тұр. Бұл компьютерді IBM компаниясы графикалық процестерді өндірумен айналысатын NVIDIA-мен бірлесіп жасақтады.

«Машина құрастырылып жатқан кезде анықтау операциялары үшін қолданылды. Өздеріңіздерді дөңгелегін ауыстырып бітпейінше қозғалысын тоқтатпайтын машинанының жүргізушісі ретінде елестетіңіздерші», — деді Ок-Ридж зертханасының директоры Томас Закариа.

Жалпы, Summit 20 мегаватт энергияны тұтынады – бұл шағын қаланы қамтамасыз етуге жетеді.

ДереккөзBaq.kz