«Миллион теңге — бұл адамның күнделікті негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті сома. Алайда аталған сома сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыра алса, оны еркін жұмсай алсаңыз, онда, әрине, кез келген инвестиция туралы ойлай беруге болады», — дейді Бахыт Ниязов.
Сарапшы қаражатты пайдаланудың екі нұсқасын таңдауды ұсынып отыр.
«Яғни, қаражатты жұмсаудың екі құралын қарастыруға болады: біріншісі, қаражатпен «ойнау», осы арқылы үлкен табысқа жетуіңіз мүмкін. Ал басқа жағдайда сіз қаражатты құтқарып, салыстырмалы түрде аз табыс әкелетін құралдарға құя аласыз», — деп түсіндірді ол.
Бахыт Ниязов бұл инвестицияларды үлкен көлемдегі акцияларға салу мүлде ұтымды емес екендігін айтады. Себебі білікті ойыншылардың нарығындағы енді бастап келе жатқан инвестор 95% жағдайда, бірден бәрін жоғалтады.
«Мен 1 млн теңгені инвестицияға салмас едім, бірақ, әрине, бәрі адамның мақсатына байланысты. Егер сіз осы соманы білікті инвестор ретінде математикалық тұрғыдан қарастыратын болсаңыз, онда мұндай соманы жоғалту қаупі ұту қаупінен асып түсетінін байқайсыз», — дейді ол.
Инвестиция – өте күрделі әрі қауіпті процесс, ол адамның бойында ерекше дағдылардың болуын, тіпті психологиялық дайындықты талап етеді.
«Кез келген адам қор биржасында ойнауға қабілетті бола бермейді. Қор биржасында ойнауға бейімділік және әлеуетті ұтылу – ойында жеңіске жетуде ең негізгі факторлар. Мұндай адамның бүгін 1 миллион теңгесі бар, ал ертең ол 10 миллион теңгеге айналады. Бірақ мұндай бейімділігі бар адамдардың пайызы өте төмен болады. Сондай-ақ, егер адам миллион теңгені инвестицияласа, онда кез келген тәуекелге дайын болуы керек, бұл қаражаттың толық жоғалуына алып келуі мүмкін», — дейді сарапшы.
Оның айтуынша, ең тиімді жол — еліміздегі көптеген жинақ бағдарламаларына инвестиция салу. Оның үстіне қазіргі уақытта елімізде жинақ қорлары көп.
«Менің ойымша, ақшаны ұтымды пайдаланудың ең жақсы құралы — оларды тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану… Сондай-ақ, ол өз балаларыңның мүмкіндігін немесе қарттықты қамтамасыз ететін кез-келген сақтандыру өнімдері болуы мүмкін», — дейді сарапшы.
Сонымен қатар бизнесмен салымшыға қысқа мерзімде соманы ұлғайтуға уәде беретін ұсыныстар туралы ойлануға кеңес берді.
«1 миллион теңгеге бұрын-соңды болмаған кірістерді уәде етіп отырған жарнама әрдайым жалған болады», — деп қорытындылады Ниязов.