АҚШ пен Солтүстік Кореяның президенттері тұңғыш рет кездесті

ҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Сингапурдың Сентоза аралындағы Capella қонақ үйінде кездесті. Кездесу Астана уақытымен 07:04-те басталды. Екі ел басшысы 48 минут бойы оңаша тілдесті.

Одан кейін қос мемлекеттің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды. АҚШ жағынан мемелекеттік хатшы Майк Помпео, Президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон, Ақ үй әкімшілігінің басшысы Джон Келли қатысса, Солтүстік Корея тарапынан Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо бастаған делегация енді.

«Біз осы саммит өтуі үшін көп шаруа атқардық. Екі жаққа да кедергі болып келген ескі көзқарасымызды жеңіп міне енді емін-еркін жүздесіп отырмыз»,- деді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Дереккөз24.kz