Басты бет Тест Тест: Тұрақты тіркестердің мағынасын қаншалықты білесіз?

Тест: Тұрақты тіркестердің мағынасын қаншалықты білесіз?

Герольд Бельгер "Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл" деген екен. Сіз оны қаншалықты білесіз? Біліміңізді тұрақты тіркестер жайлы тестпен сынап көріңіз.

Иллюстрация: Бекзат Исамберген

Тұрақты тіркестерге қаншалықты жүйрік екеніңізді білгіңіз келсе, ойынды бастаңыз.

0%

"Жағы сембейтін" достарыңыз бар ма? Олармен қалай әңгімелесесіз?

Correct! Wrong!

Бұл тіркесті де есте сақтағаныңыз абзал. "Жағы сембеді" деген тіркесті "жағы тынбады" деп те алмастырсақ болады. Яғни, оны көп сөйлейтіндерге қатысты қолданады.

"Жаурынынан жел өткен адамның" кейпі қандай болады?

Correct! Wrong!

"Жауырыннан жел өту" деген тіркес "азап шегу" деген мағынаны білдіреді.

"Жүзіктің көзінен өткен" қыз қандай болады?

Correct! Wrong!

Тіркестерді жөнімен қолдана білу қажет. Халқымыз бұл тіркесті "сұлу" деген мағынада қолданады.

"Иығынан демалатындар" қандай адамдар?

Correct! Wrong!

Қазақта "иығынан демалу" деген сөз "мақтану" дегенді білдіреді.

Ісі мардымсыз адамға қатысты қолданылатын тіркесті табыңыз:

Correct! Wrong!

Ісі мардымсыз, өңбейтін адамға қатысты "жүрісі сұйық" тұрақты тіркесі қолданылады.

"Кежегесі кейін тартқан" адам қалай жұмыс істейді?

Correct! Wrong!

Бұл тіркес "жалқаулану" деген мағынаны білдіреді.

"Құлаққа ұрған танадай" деген сөзді естігенсіз бе? Ол қандай мағына береді?

Correct! Wrong!

Тып-тыныш болғанға "құлаққа ұрған танадай екен" деп айтады.

Қазақта "ақ көз" деп кімді айтады?

Correct! Wrong!

Надан, оқымаған, қараңғы адамды "ақ көз" деп айтады.

"Қысыр әңгіме" айтасыз ба? Ол қандай әңгіме?

Correct! Wrong!

Мұндай әңгіме - уақыттың жауы. Ол "бос сөз" деген мағынаны білдіреді.

"Ит терісін басына қаптау" дегеннің тура мағынасы қандай?

Correct! Wrong!

Ұрсып, балағаттап сөйлеген адамды "ит терісін басына қаптады" деп айтады.

Тест: Тұрақты тіркестердің мағынасын қаншалықты білесіз?
Таразыға салып ойланады екенсіз! Жарайсыз!

Тұрақты тіркестерді бес саусағыңыздай біледі екенсіз!

Share your Results:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version