Басты бетТестТест: Тұрақты...

Тест: Тұрақты тіркестердің мағынасын қаншалықты білесіз?

Тұрақты тіркестерге қаншалықты жүйрік екеніңізді білгіңіз келсе, ойынды бастаңыз.

0%

"Иығынан демалатындар" қандай адамдар?

Дұрыс! Қате!

Қазақта "иығынан демалу" деген сөз "мақтану" дегенді білдіреді.

"Жаурынынан жел өткен адамның" кейпі қандай болады?

Дұрыс! Қате!

"Жауырыннан жел өту" деген тіркес "азап шегу" деген мағынаны білдіреді.

Қазақта "ақ көз" деп кімді айтады?

Дұрыс! Қате!

Надан, оқымаған, қараңғы адамды "ақ көз" деп айтады.

"Жағы сембейтін" достарыңыз бар ма? Олармен қалай әңгімелесесіз?

Дұрыс! Қате!

Бұл тіркесті де есте сақтағаныңыз абзал. "Жағы сембеді" деген тіркесті "жағы тынбады" деп те алмастырсақ болады. Яғни, оны көп сөйлейтіндерге қатысты қолданады.

"Ит терісін басына қаптау" дегеннің тура мағынасы қандай?

Дұрыс! Қате!

Ұрсып, балағаттап сөйлеген адамды "ит терісін басына қаптады" деп айтады.

"Құлаққа ұрған танадай" деген сөзді естігенсіз бе? Ол қандай мағына береді?

Дұрыс! Қате!

Тып-тыныш болғанға "құлаққа ұрған танадай екен" деп айтады.

"Жүзіктің көзінен өткен" қыз қандай болады?

Дұрыс! Қате!

Тіркестерді жөнімен қолдана білу қажет. Халқымыз бұл тіркесті "сұлу" деген мағынада қолданады.

"Кежегесі кейін тартқан" адам қалай жұмыс істейді?

Дұрыс! Қате!

Бұл тіркес "жалқаулану" деген мағынаны білдіреді.

"Қысыр әңгіме" айтасыз ба? Ол қандай әңгіме?

Дұрыс! Қате!

Мұндай әңгіме - уақыттың жауы. Ол "бос сөз" деген мағынаны білдіреді.

Ісі мардымсыз адамға қатысты қолданылатын тіркесті табыңыз:

Дұрыс! Қате!

Ісі мардымсыз, өңбейтін адамға қатысты "жүрісі сұйық" тұрақты тіркесі қолданылады.

Тест: Тұрақты тіркестердің мағынасын қаншалықты білесіз?
Таразыға салып ойланады екенсіз! Жарайсыз!

Тұрақты тіркестерді бес саусағыңыздай біледі екенсіз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: