Басты бетЖаңалықтарҚытай азаматтарына...

Қытай азаматтарына визаны алып тастау туралы ақпарат жалған — ҚР СІМ 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады.

Министрліктің хабарлауынша, дипломаттар қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының Қытайда визасыз жүру мерзімін ұзарту мақсатында жұмыс істеуде. 

Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен — 24 сағаттан 72 сағатқа дейін, сондай-ақ Қытайға барғысы келген қазақстандықтарға жеке визаларды беруді жалғастыру бойынша келісім жасалуда.  

«Осы бағытта екі тарап та өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде жұмыс істеуде»-, дейді ҚР СІМ өкілдері.