Басты бетЖаңалықтарҒабидолла Әбдірахымов:...

Ғабидолла Әбдірахымов: ҰБТ-дан өте алмай қалсаң да алда өмір бар

Сіздердің үлкен өмірге аттанар сәттегі ең жауапты кезеңдеріңіз де келіп жетті. Алғашқы емтихан тапсырған кезіміз әлі күнге дейін есімде. Ол күн ата-анамыздың да жадында екені белгілі. Өйткені, бұл күн — ұрпақтарының жоғары білім кеңістігіне нақты қадам басатын алғашқы баспалдағы болатын.

ҰБТ кезінде тек сіздер ғана емес, туыстарыңыз, бүкіл отбасы мүшелеріңіз толғаныста болатыны анық. Сынақтар кезінде күйзеліспен күресе білу керек. Әрі ойды жинақтай білу шарт. Талапкердің мұнда тек білім қабілеті ғана емес, жеке жауапкершілігі, өмірлік тәжірибесі де маңызды рөл атқарады.

Талапкер үшін маңызды факторлардың бірі — туған-туыстарының қолдауы. Балаңыз жоғары оқу орнына түспей қалса, оған бола жасөскінді кінәлап, одан трагедия жасамауға тырысыңыздар. Қайта оның өзіне деген сенімділігін күшейтіп, жігерлендіріңіз.

Жас талапкер қатты қобалжыған сайын қателікке бой алдыра береді. Сіз әрдайым оның ішкі толқынысын басып, уайымын азайтуға жәрдем беріңіз. Емтихан — бұл тек керек қасиеттерді ғана сұрыптайтын сүзгі, күйзелісті жеңе білу, қандай жағдайда болмасын қиындықты жеңіп шығуға және мықты болуға ұмтылу.

Жастар есейген сайын алдарынан көптеген өмір сынақтар күтеді. Сондықтан Сіздерге тек сабыр пен төзім тілеймін. Өмірлеріңіздің жалғасы—ұрпақтарыңыздың алдағы дүбірлі білім бәсекесінде сәттілік жолдас болып, мерейі үстем болсын! Алдағы келе жатқан білім додаында (ҰБТ) әрқашан биіктерден көріне беруіне тілектеспін!