Басты бет Жаңалықтар Елімізде алты жасқа толмаған балалар 1-ші сыныпқа қабылданбайтын болды

Елімізде алты жасқа толмаған балалар 1-ші сыныпқа қабылданбайтын болды

Мектеп жасына толмаған бала мектепке қабылданбайды. Дайындық тобына баратын бала қыркүйек айына дейін жасы 5-ке, бірінші сыныпқа баратын бала 6 жасқа толып бару керек. Бұл туралы Keрek.info тілшісіне облыстық білім басқармасының бас маманы Рахима Жамансарина хабарлады.

«Бұған дейін де осылай болды. Білім заңына және 2012 жылы қабылданған үкімет қаулысына сәйкес 1 қыркүйекте 1 сыныпқа тек 6-7 жасқа толған балалар ғана қабылданады»- деді бас маман.

Рахима Сағиқызының айтуынша, бала саны жетіспеген жағдайда кейбір мектептер қабылдауы мүмкін, бірақ бәрі заң талабына сәйкес болу керек.

Дайындық тобын аяқтаған балалардың арасында 6 жасқа толмағандықтан дайындық тобына қайта барады. Ал психолог мамандар бұл баланың психофизиологиялық жағдайына әсер етпейді, тіпті, тиімді болуы да мүмкін деп отыр.

«Ата-ана баланың психикалық құбылыстарының даму деңгейін ескере отырып, психологтармен, педагогтармен ақылдаса отырып шешуі тиіс. Дайындық тобына екінші рет бергенде әлеуметтік ортасының өзгеруі балаға тиімді болуы да мүмкін», — дейді психолог Мейрамгүл Есенғұлова.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version