«Бұған дейін де осылай болды. Білім заңына және 2012 жылы қабылданған үкімет қаулысына сәйкес 1 қыркүйекте 1 сыныпқа тек 6-7 жасқа толған балалар ғана қабылданады»- деді бас маман.
Рахима Сағиқызының айтуынша, бала саны жетіспеген жағдайда кейбір мектептер қабылдауы мүмкін, бірақ бәрі заң талабына сәйкес болу керек.
Дайындық тобын аяқтаған балалардың арасында 6 жасқа толмағандықтан дайындық тобына қайта барады. Ал психолог мамандар бұл баланың психофизиологиялық жағдайына әсер етпейді, тіпті, тиімді болуы да мүмкін деп отыр.
«Ата-ана баланың психикалық құбылыстарының даму деңгейін ескере отырып, психологтармен, педагогтармен ақылдаса отырып шешуі тиіс. Дайындық тобына екінші рет бергенде әлеуметтік ортасының өзгеруі балаға тиімді болуы да мүмкін», — дейді психолог Мейрамгүл Есенғұлова.