Спорт комитетінің ақпаратына сай, паралимпиадашылар сыйақыларын толығымен алған.
Олимпиада чемпионы болған Александр Колядинға (шаңғы жарысы,1,5 шақырым спринт) — 250 мың доллар, шаңғы жарысы бойынша эстафетада (4х2,5шақырым) алтыншы нәтиже көрсеткені үшін 5 мың доллар берілді.
Ал шаңғы жарысынан (20 шақырым) төртінші орынға табан тіреген Александр Герлицке 30 мың доллар, сондай-ақ биатлоннан (12,5 шақырым) алтыншы орыннан көрінгені үшін қосымша 5 мың доллар төленді.
Александр Герлиц тағы 5 мың долларды шаңғы жарысы бойынша эстафетада (4х2,5шақырым) алтыншы болып келгені үшін алды. 5 мың доллар сыйақы сонымен қатар шаңғы жарысы бойынша эстафетада (4х2,5шақырым) алтыншы орынды иеленген Петренко Дениске берілді.
Еске салайық, Пхенчхандағы Паралимпиада кезінде Қазақстан намысын 6 спортшы қорғады.