Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай парламенті төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті

«Қытай бүгінде әлемдегі ең үлкен, жетекші екі экономиканың біріне айналып отыр.  Инвестициялық тәжірибе, инновация жедел қарқын алып келеді. Яғни, Қытай өз дамуының мүлдем жаңа жолына түсті. Әлемдегі сыртқы жағдайды ескерер болсақ, жаһандық жүйе күйреп, интеграция  әлсіреуде, ұлы державалар арасында келісім жоқ. Сондықтан алға қойылған міндеттерді іште де, сыртта да орындау қиынға соғады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ҚР Президенті Бүкілқытайлық халықтар өкілі жиналысы 13-шақырылымының 1-сессиясы Қытай үшін тарихи шешімдер қабылдағанын баса айтты.

«Сіз Қытай халқы үшін үлкен дос саналасыз. Ал жеке өзім үшін Сіз аса құрметті Мемлекет басшысыз. Бірнеше жылдың ішінде Қытайға 20-дан астам сапармен келген екенсіз. 18 рет Си Цзиньпинмен жүздестіңіз. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың айрықша сипатын білдіреді. Сіздің есіміңіз Қытай халқының арасында кеңінен танымал. Біз Сізді өз елімізде жолдас Әбішұлы деп атаймыз», — деді Ли Чжаньшу.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусым күні Қытайға мемлекеттік сапармен келді. Кеше, 7 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.

ДереккөзInform.kz