Басты бет Жаңалықтар Назым Қызайбай мен Дина Жоламан әлем чемпионы атанды!

Назым Қызайбай мен Дина Жоламан әлем чемпионы атанды!

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында қытайлық Янь Вангты айқын басымдықпен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Дина Жоламан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, Назым Қызайбайдың жолын жалғады.

48 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз финалда қарсыласына қарсы сәтті жүйе ұстана білді. Бірінші раундта аспан астынан келген боксшы сыр бермей жұдырықтасқанмен, кейінгі раундтарда Назым қарсыласынан қауқарлы екенін байқатты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы Янь Вангты 3:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, осыған дейін Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Дина Жоламан

54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз финалда болгариялық Стойка Петроваменкездесті. Қарсыласы көп ретте басын бұғып, жұдырықтасудан қашқақтаумен болды. Нәтижесінде төрешілер тарапынан ескерту алды. Ал өз мүмкіндігін сәтті пайдаланған Дина Жоламан намысты қолдан бермей, чемпион атанды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version