Балалар үйінің тәрбиеленушілері Неймар мен Тьягу Силвамен кездесу мүмкіндігін алады

Өтетін уақыты: 19-22 маусым 2018, сағ: 11:00

Өтетін орны:«Хан-Тенгри» стадионы, Алматы қ. Шевченко көшесі,110 (Масанчи көшесінің қиылысы)

Ұйымдастырушылар: «Baurzhan Foundation» жеке қоры, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның футбол федерациясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Қазақстанның 8 өңірінің 9 командасы Жеңімпаз кубогы үшін таласқа түседі. Кубокпен қатар, жеңімпаз команда Франция астанасы Парижде «Парк де Пренс» стадионына «Пари Сен-Жермен» командасымен көзбе-көз танысуға жодамаға иеленеді.

Әлемдік үздік футбол клубтармен кездесіп тарнысу 6 жыл қатарынан балалар үйінің  тәрбиеленушілері үшін қол жетімді болып келеді.

Чемпионат өткізіліп келе жатқан 6 жылдың ішінде 56 бала Еуропаның «Барселона», «Милан», «Бавария»,«Атлетико Мадрид», «Челси» футбол клубтарының  Месси, Робен, Хави, Роналдо сынды үздік футболшыларымен жеке кездесіп, танысқан еді.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға дарындарын шыңдауға, алдағы уақытқа мақсат қоюға көмек бере отырып, Қазақстандық футболдың дамуына үлес қосу.

 Айнура Салимбаева

Тел: +7 727 315 15 11

+7 707 910 01 55

ainura.salim@baurzhan.kz

www.baurzhan.kz