Назирмад Ализода қазіргі таңда Орталық Азияға төніп тұрған қауіптерді атады.
«Біз көрші бола отырып, Қазақстанның барлық жетістігіне қуанамыз. Осындай жиын өткізіп отырғанынына да ризамыз. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар көп кездеседі. Атап айтқанда, анаша сату, терроризм, жаһандық экологиялық проблемалар. Бұдан басқалар да бар. Осы мәселелерді шешу үшін ортақ, бірауыздан жұмылған іс-әрекеттер қажет. Осы орайда, Тәжікстан Республикасы аймақтағы достық пен тұрақтылыққа жол ашады, бірігіп ынтымақтастық жасауға дайын. Сондықтан да бүгінгі дөңгелек үстелдің маңызы зор», — деді елші.
Айта кетсек, Қазір Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында аймақтық ынтымақтастық – Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтіп жатыр.