Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілді

Бұл елде әйелдерге көлік айдауға тыйым салатын заң 24 маусымда күшін жояды. Былтыр қыркүйек айында Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд әйелдердің көлік жүргізуіне алғаш рет рұқсат берген еді. Жаңа ережені елдің ішкі істер, қаржы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдерінен құрылған комиссия әзірлеген.

Айта кету керек, Сауд Арабиясы әлем бойынша әйелдердің темір тұлпарды тізгіндеуіне тыйым салған жалғыз мемлекет болатын. Бұған дейін мұнда көлік жүргізген нәзік жандылар қамауға алынып немесе үлкен сомада айыппұл төлейтін. Алайда әйелдердің құқығын қорғап, беделін көтеруді қалаған топ ұзақ жыл осы мәселені талқылап, қыз-келіншектерге осындай мүмкіндік алып берді.

Дереккөз24.kz