Елімізге 264 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды

Бұл туралы Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр экономикаға құйылған әрбір 4-доллар өңдеу өнеркәсібі секторына тиесілі. Егер 2009 жылы оның үлесі  8,3 пайыз болса, қазір бұл көрсеткіш 25 пайызға жетіп отыр.

Ерлан Қайыров, ҚР ИДМ инвестициялар комитетінің төрағасы:

— Мемлекет басшысы  бізге экономиканы әртараптандыруды тапсырған болатын. Индустриаландыру бағдарламасының жүзеге асуы өңдеу өнеркәсібі саласына тартылатын инвестиция көлемін біршама арттыруға мүмкіндік туғызды. Қазір Нидерланд,  АҚШ, Франция, Швейцария, Ресей, Қытай елдері біздің нарыққа үлкен қызығушылық танытып отыр.

Дереккөз24.kz