Қанат Исламның келесі айқасындағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) айқасады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылмақ.

Каркамо кәсіби мансабында екі титулдық айқас өткізген: 2012 жылы ол америкалық кіші Фидель Мальдонадоны (24-4-1, 19 КО) нокаутқа жіберіп, WBC Silver жастар белбеуін жеңіп алды. Кейін екі жыл өткен соң ресейлік Петр Петровты (38-6-2, 19 КО) нокаутқа жіберіп, WBA-NABA бос титулы мен жеңіл салмақтағы WBO NABO «уақытша» белбеуін иеленді.

Фернандо соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 13 қазанында өткізді — ол үшінші раундта отандасы Эмилио Канисалесты (6-6-1, 5 КО) нокаутқа жіберген еді.

Дереккөзinform.kz